«Информатика» пәні педагогтері үшін «ПББ-ға дайындық: педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту» бойынша шеберлік-сыныптар
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 28-29 қазан күндері «Информатика» пәні педагогтеріне арналған Күзгі мектеп аясында шеберлік-сағаттар өткізілді.
Мақсаты: Облыс педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
«ӨРКЕН» қауымдастығының мүшелері спикерлік еткен бұл шарада мұғалімдер тәжірибе алмасып, практикалық білімдерін жетілдірді. Іс-шараға 33 педагог қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz






