«Тілмен өсем, білімге көшем!»
06-11-2025 09:55
«Тілмен өсем, білімге көшем!»

      6 қараша күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласындағы “Алданыш” бөбекжайы базасында «Тілмен өсем, білімге көшем» атты функционалдық сауаттылық апталығы аясында семинар-практикум өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — Қарағанды қаласындағы “Алданыш”, “Армашка”, “Нәзік” бөбекжайларының мектепке дейінгі ұйымдарындағы озат тәжірибелерді алмасу, жинақтау және тарату.

Семинарға Шахтинск, Саран, Теміртау қалалары, Абай, Бұқар жырау аудандарының 40-тан астам балабақша педагогтері қатысты.

Іс-шара барысында шеберлік сыныптары, квест-ойындар, мюзикл және шығармашылық зертханалар жұмыстары көрсетілді.

Семинар мазмұны жағынан бай, әдістемелік және кәсіби тұрғыдан жоғары деңгейде өтті.