«ЖАС ЗАҢГЕР» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ
07-11-2025 17:06
«ЖАС ЗАҢГЕР» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ

   Қарағанды облысыныңда білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 7 қараша «Жас заңгер» жобасын іске асыру аясында платформасында желілік жиын өткізді. Саран қаласының «№17 мектеп-гимназиясы» КММ педагогтеры «Жас заңгер» жобасын іске асыру бойынша «Білім алушылармен жұмыс жүргізу» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Желілік жиын-практикум барысында оқушыларда құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудың жүйелі тәсілі ұсынылды. Сондай-ақ, 8 сынып үшін жылына 34 сабаққа есептелген «Жас заңгер» факультативтік курсын енгізудің ерекшеліктері қарастырылды. Курс бейін алдындағы дайындық аясында пропедевтикалық бағытты қамтиды. «Мектеп теледидары», «Тик Ток» бейнероликтері, «Барлық мамандық жақсы - заңгерлер ең мықты» атты әдеби-музыкалық композициясы көрсетілді. Желілік жиын-практикум әріптестер арасында үлкен қызығушылық тудырып, оң пікірлерге ие болды.

Қатысушылар саны – 55 педагог.