Қарағанды облысының арнайы мектеп-лицей-интернаттары мұғалімдері арасындағы «Жыл мұғалімі – 2025» облыстық іріктеу байқауының екінші кезеңі
24-11-2025 16:37
Қарағанды облысының арнайы мектеп-лицей-интернаттары мұғалімдері арасындағы «Жыл мұғалімі – 2025» облыстық іріктеу байқауының екінші кезеңі

      2025 жылдың 24–26 қарашасы аралығында Шәкәрім атындағы гимназия базасында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысының арнайы мектеп-лицей-интернаттары мұғалімдері арасында «Жыл мұғалімі – 2025» облыстық іріктеу байқауының екінші кезеңін өткізеді. Байқау барысында педагогтер сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізеді.

      Байқау қазылар алқасының құрамына «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының, оқу-әдістемелік орталықтың, гуманитарлық колледждердің, облыстың жалпы білім беретін мектептерінің өкілдері енді.