ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ МЕН ОРЫНБАСАРЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК САҒАТ
28-11-2025 12:47
ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ МЕН ОРЫНБАСАРЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК САҒАТ

     Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 28 қарашада ZOOM платформасында инновациялық мектептердің директорлары мен директор орынбасарларына арналған әдістемелік сағат өткізді. Әдістемелік күні барысында 2025–2026 оқу жылының тоқсаны бойынша инновациялық мектептердің білім сапасын талдау, «Дистанционный BOOM» жобасы аясында жасанды интеллектіні қолдану арқылы бейнесабақтардың облыстық байқауларын ұйымдастыру, «Жаңа мамандықтар атласы», «Бизнес-стартап жобалары», «Болашаққа билет» форумы аясындағы «Үздік кәсіби бағдар беруші» байқаулары сияқты мәселелер талқыланып, қарастырылды. Сонымен қатар республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының ережесі де таныстырылды.

Әдістемелік сағатқа Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері, инновациялық мектептердің директорлары мен директор орынбасарлары қатысты.