Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 2 желтоқсанда ауыл мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдері үшін «Ауыл мектебі-сапа алаңы» жобасы аясында «Ауыл мектептерінің білім беру ортасында ағылшын тілі онлайн сабақтарын ұйымдастырудың және сүйемелдеудің инновациялық тәсілдері» семинарын өткізді. Семинар жұмысына ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығының төрайымы «Мұрагер» ММЛИ» КММ ағылшын тілі мұғалімі Алмагуль Бакитовна Испулаева қатысты; Теміртау қаласының «№9 лицейі» КММ ағылшын тілі мұғалімі Назерке Болатовна Қанат «Ағылшын тілін оқыту үрдісінде ойын технологияларын қолдану»; Қарағанды қаласының «№16 ЖББМ» КММ ағылшын тілі мұғалімі Данил Владиславович Гагарин «Ағылшын тілінің онлайн сабақтарында жасанды интеллектті қолдану: құралдар, тәжірибе, нәтижелер» тақырыптарымен сөз сөйлеп, қатысты. «Ауыл мектебі-сапа алаңы» жобасын іске асыру аясында өткізілген семинар ауыл мектептерінің мұғалімдеріне оқу үрдісіне инновацияларды (ЖИ және ойын технологиялары) енгізу үшін тәжірибелік құралдар мен әдістемелерді игеруге мүмкіндік берді.





umc-ro@umckrg.gov.kz





