«ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен 2025 жылдың 4-5 желтоқсаны күндері Алматы қаласында «Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы» КМҚК базасында дәстүрлі «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы өткізілді.
Конкурс қорытындысы бойынша Қарағанды облысының келесі педагогтері жүлдегер дипломдарымен және қатысушы сертификаттарымен марапатталды:
- Сулейманова Гульжазира Омирзаковна,«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері (ІІ дәрежелі Диплом);
- Журавлева Юлия Валерьевна,Теміртау қаласы, «Бірінші Теміртау классикалық лицейі» КММ информатика пәнінің мұғалімі (IІІ дәрежелі Диплом);
- Халманова Наталья Николаевна,Теміртау қаласы «№14 мектеп-лицейі» КММ педагог- психологі (IІІ дәрежелі Диплом);
- Цемох Светлана Михайловна,«Н.Нұрмаков атындағы ММЛИ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі (Мадақтама);
- Чернова Алена Сергеевна,Қарағанды қаласы «Достық үйі» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК Қосымша білім беру педагогі (Мадақтама);
- Болкенбаева Айгерим Даулетиаровна,Шет ауданы «Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі (Мадақтама).
- Тулепбекова Светлана Карагуловна, Қарағанды қаласы «Ғ.Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ география пәнінің мұғалімі (Сертификат);
- Байжигитова Толеубике Рымкановна,Қарағанды қаласы, «М.Жұмабаев атындағы гимназия» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі (Сертификат);
- Сарсембаева Альфия Жакуповна,Қарағанды қаласы «№66 мектеп-лицейі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (Сертификат);
- Тәжит Манат Жанатқызы,Қарағанды қаласы «Абай атындағы мектеп-гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі (Сертификат).





umc-ro@umckrg.gov.kz





