2016 жылдың 6 мамыры сағат 10.00 – де Қарағанды облысы «Осакаровка кентінің №9 гимназиясы базасында облыстық семинар өтеді.
06-05-2016 10:06

      2016 жылдың 6 мамыры сағат 10.00 – де Қарағанды облысы «Осакаровка кентінің №9 гимназиясы базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ  базасында инновациялық мектептердің Ашық есік күні шеңберінде «Бірыңғай ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру арқылы сапалы білім беруді  қамтамасыз ету» тақырыбында облыстық семинар өтеді. 

     Семинардың мақсаты:педагогикалық тәжірибемен бөлісу, семинарға қатысушыларды Ресурстық орталықтағы қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік формалар мен тәсілдерінің жиынтығымен жарақтандыру.

    Семинар жұмысына  Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалалары, Осакаров, Абай, Жанаарқа, Шет, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқарал, Нұра, Ұлытау аудандарының инновациялық мектептер, тірек және жетекші мектептердің басшылары қатысады.