«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы барысында «Балалар кітапханасы» жобасы аясындағы облыстық тәжірибе алмасу семинары
18-12-2025 17:21
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы барысында «Балалар кітапханасы» жобасы аясындағы облыстық тәжірибе алмасу семинары

      2025 жылдың 18 желтоқсаны күн Қарағанды облысы білім басқармасының «№2 арнайы мектеп-интернаты» КММ -де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы барысында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында облыстық тәжірибе алмасу семинарыөткізілді.

      Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес өткізілгелі отырған бұл семинардың негізгі мақсаты –
      «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылған «Балалар кітапханасы» жобасының тиімді тәжірибелерін тарату, облыс мектептері арасындағы әдістемелік ынтымақтастықты нығайту, балаларға кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жаңашыл тәсілдермен бөлісу, сондай-ақ қоғамдық тәрбие мен қауіпсіздік құндылықтарын насихаттаудағы үздік практикаларды ортаға салу.

 Семинар барысында:

  • «Балалар кітапханасы» жобасын тәрбие жұмыстарымен кіріктіру тәжірибелері;
  • оқушылардың қызығушылығын оятатын шығармашылық тәсілдер таныстырылды.

      «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы барысында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп-интернаты көптеген облыс кітапханаларыментығызжұмыс істейді. Атап айтсақ, бүгінгі семинарда  әлеуметтік серіктестер: «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ басшысы, Уатаева Баян Куанышевна келіп қатысып, Жаңа кітапхана келбеті: идеялар мен шешімдер атты тақырыпта баяндамасын ұсынды. Сонымен қатар, Жайық Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы, «Қарағанды облысының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасы»  қызметкерлері қатысты.