Қарағанды облысының шет тілдері мұғалімдері Қауымдастығының отырысы өтті
23-12-2025 10:10
Қарағанды облысының шет тілдері мұғалімдері Қауымдастығының отырысы өтті

      Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды облысының шет тілдері мұғалімдері қауымдастығы 2025 жылғы 23 желтоқсанда Қарағанды облысы өңірлерінің шет тілдері мұғалімдерінің «Modern approaches to identifying and developing giftedness in the process of teaching foreign languages» отырысын өткізді.

     Отырыс барысында Қарағанды облысының ағылшын тілі педагогтары өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті:

Шахтинск қаласындағы «Евней Букетов атындағы ОШ» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Наталья Андреевна Галиакберова дарынды оқушылармен жұмыс істеу жүйесі мен олардың тілдік қабілеттерін анықтау стратегиялары туралы айтып берді.

Қарқаралы ауданы Айнабұлақ ауылындағы «№ 31 ЖББМ» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гульмира Мукановна Омарова дарынды оқушыларды анықтау әдістерімен бөлісті.

Қарағанды қаласындағы «№ 15 ЖББМ» КММ-нің ағылшын тілі мұғалімдері Рита Валериевна Ким мен Анастасия Юрьевна Наумова, дарынды оқушыларды ағылшын тілі сабақтарында дамыту тәжірибесімен таныстырды.

 Абай ауданының «Есенгелді ЖББМ» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Темиржан Сумкар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жобалық оқыту мен комикстерді қалай пайдалану керектігін көрсетті.

Балқаш қаласындағы «№ 4 ЖББМ» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Лариса Саятовна Амирова әлеуеті жоғары оқушыларды анықтау тәсілдері туралы айтып берді.

     Отырыс соңында Қарағанды облысының шет тілдері мұғалімдері қауымдастығының төрайымы А.Б.Испулаева рефлексия өткізіп, ұсынылған идеялар мен тәжірибелердің маңыздылығын атап өтті.

     Семинар тәжірибе алмасу, заманауи әдістемелерді талқылау және дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру үшін маңызды алаңға айналды.