2025 жылғы 19 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығыТеміртау қаласы «№19 ЖБММ» КММ «Адал азамат» біртұтастәрбие бағдарламасының«Балалар кітапханасы»жобасы аясында«Мектеп кітапханасының оқу процесіндегі қызметі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты - мектеп кітапханаларының пән мұғалімдерімен бірлескен жұмысын жетілдіру, тиімді тәжірибе алмасу және білім беру процесінде кітапхана қызметінің рөлін арттыру.
Іс-шара барысында кітапханашылар мен пән мұғалімдері кітапхана ресурстарын оқу процесінде пайдалану тәжірибесімен, бірлескен жобалар мен тәсілдермен бөлісті.
Семинарға Шахтинск және Саран қалаларының мектеп кітапханашылары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.





umc-ro@umckrg.gov.kz





