2025 жылғы 19 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасы аясында облыстың мектеп кітапханашыларына арналған «Балалар кітапханасы - бала мектебі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шараның басты мақсаты - мектеп кітапханашыларының кәсібилігін арттыру, жаңа тәсілдермен алмасу және балаларды оқыту мәдениетін дамыту.
Семинарда кітап көрмелерінің жаңа форматы ұсынылды: шығармашылық жобалар мен іс-шараларды өткізудің тиімді жолдары, сандық ресурстар мен интерактивті әдістерді пайдалану;
Балалар кітапханасы - бұл жай ғана оқу орны емес, ол балалық шақтағы оқу орны, шығармашылықтың, ойлау мен қызығушылықтың бастауы.
Мұндай семинарларды өткізу мектеп кітапханаларының маңызды миссиясын көрсетеді және болашақтың жан-жақты дамыған азаматтарын тәрбиелеуге үлес қосады.





umc-ro@umckrg.gov.kz





