Размер шрифта:
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Балалар кітапханасы – балалық шақтың білім ордасы» тақырыбындағы облыстық тәжірибе алмасу алаңы
19-12-2025 11:45
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Балалар кітапханасы – балалық шақтың білім ордасы» тақырыбындағы облыстық тәжірибе алмасу алаңы

      2025 жылғы 19 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасы  аясында облыстың мектеп кітапханашыларына арналған «Балалар кітапханасы - бала мектебі» тақырыбында облыстық семинар өтті.

      Іс-шараның басты мақсаты - мектеп кітапханашыларының кәсібилігін арттыру, жаңа тәсілдермен алмасу және балаларды оқыту мәдениетін дамыту.

      Семинарда кітап көрмелерінің жаңа форматы ұсынылды: шығармашылық жобалар мен іс-шараларды өткізудің тиімді жолдары, сандық ресурстар мен интерактивті әдістерді пайдалану;

      Балалар кітапханасы - бұл жай ғана оқу орны емес, ол балалық шақтағы оқу орны, шығармашылықтың, ойлау мен қызығушылықтың бастауы.

      Мұндай семинарларды өткізу мектеп кітапханаларының маңызды миссиясын көрсетеді және болашақтың жан-жақты дамыған азаматтарын тәрбиелеуге үлес қосады.