Қысқы мектеп аясындағы оқу семинары: «ЖАС-STAR» олимпиадасы тапсырмаларын талдау
05-01-2026 14:43
Қысқы мектеп аясындағы оқу семинары: «ЖАС-STAR» олимпиадасы тапсырмаларын талдау

       2026 жылғы 5 қаңтардаҚарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен облыстық информатика мұғалімдері қауымдастығының мүшелері бірлесіп, жас мамандар мен «Информатика» пәні педагогтеріне арналған «ЖАС-STAR» олимпиадасы тапсырмаларын талдау» тақырыбында оқу семинарын өткізді.

Мақсаты: Педагогтер мен олимпиада қатысушыларының бағдарламалау саласындағы инновациялық құзыреттілігін дамыту және практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:

  • Олимпиаданың І кезеңіндегі тест сұрақтарын талдау:
    • Жексенбина Нургуль Бахарамовна(Қарағанды қ., «С. Сейфуллин атындағы гимназия» КММ);
    • Тилеухавил Раушан(Қарағанды қ., «№48 ЖББМ» КММ).
  • Олимпиаданың ІІ кезеңіндегі тапсырмаларды талдау:
    • Воробьева Марина Геннадьевна(Саран қ., «№17 мектеп-гимназиясы» КММ);
    • Ильина Елена Анатольевна(Қарағанды қ., «Қ. Нұржанов атындағы гимназия» КММ);
    • Марченко Нина Николаевна(Шахтинск қ., «С. Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ).

Семинарға қатысушылар олимпиадалық есептерді шығарудың тиімді жолдары бойынша әдістемелік кеңестер алып, өзара тәжірибе алмасты.