Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2026 жылдың 05 қаңтары күні математика пәнінің мұғалімдері үшін «Математикалық практикум: іргелі теориядан есеп шығарудың тиімді технологияларына дейін» тақырыбында «Қысқы мектеп» жұмысы ұйымдастырылды. Қысқы мектепке барлығы 100 педагог қатысты.
Қысқы мектеп аясында келесі тақырыптар бойынша шеберлік сыныптар өткізілді:
1. Математика пәні бойынша күрделі есептерді шешу жолдары;
2. Математикалық сауаттылықты арттыруға негізделген тапсырмаларды шешу;
3. Математика сабағында жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін қолдану.
Осы мәселелер бойынша келесі педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті:
Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері;
Королева Анна Сергеевна, Осакаров ауданы «№13 ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі;
Джумагадиева Алия Жумабаевна, Осакаров ауданы «№17 ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі;
Алябьева Вера Ивановна, Осакаров ауданы «№3 ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі;
Паначева Светлана Захаровна, Осакаров ауданы «№20 ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі.





umc-ro@umckrg.gov.kz







