Размер шрифта:
ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
06-01-2026 18:05
 ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІ   ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

     Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2026 жылдың 06 қаңтары күні физика пәнінің мұғалімдері үшін «Цифрлық сауаттылық: виртуалды модельдеуден заманауи экспериментке дейін» тақырыбында Қысқы мектеп өз жұмысын жалғастыруда. Қысқы мектепке барлығы 100 педагог қатысты.

Қысқы мектеп аясындапедагогтер келесі тақырыптар бойынша шеберлік сыныптар өткізді:

1. «Механика», «Молекулалық физика», «Электростатика» бөлімдері бойынша күрделі есептерді шешу;

2. Зертханалық жұмыстарды жүргізуде цифрлық платформаларды қолдану.

3.  Заманауи білім беру технологиялары: ЖИ мүмкіндіктерін физика сабағында тиімді пайдалану.

Осы мәселелер бойынша келесі педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті:

Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері;

Джантасова Гулназ Тынымбаевна, Приозерск қаласы «№1 ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Ануарбек Санжар Муслимұлы, Приозерск қаласы «№2 ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі; 

Сулейменова Сымбат Сансызбаевна,   Шет ауданы «Ш.Батталова атындағы тірек мектебі (РО)» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Ахметова Айсулу Айдархановна, Шет ауданы «Ш.Уәлиханов атындағы ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі.