Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2026 жылдың 06 қаңтары күні физика пәнінің мұғалімдері үшін «Цифрлық сауаттылық: виртуалды модельдеуден заманауи экспериментке дейін» тақырыбында Қысқы мектеп өз жұмысын жалғастыруда. Қысқы мектепке барлығы 100 педагог қатысты.
Қысқы мектеп аясындапедагогтер келесі тақырыптар бойынша шеберлік сыныптар өткізді:
1. «Механика», «Молекулалық физика», «Электростатика» бөлімдері бойынша күрделі есептерді шешу;
2. Зертханалық жұмыстарды жүргізуде цифрлық платформаларды қолдану.
3. Заманауи білім беру технологиялары: ЖИ мүмкіндіктерін физика сабағында тиімді пайдалану.
Осы мәселелер бойынша келесі педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті:
Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері;
Джантасова Гулназ Тынымбаевна, Приозерск қаласы «№1 ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі;
Ануарбек Санжар Муслимұлы, Приозерск қаласы «№2 ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі;
Сулейменова Сымбат Сансызбаевна, Шет ауданы «Ш.Батталова атындағы тірек мектебі (РО)» КММ физика пәнінің мұғалімі;
Ахметова Айсулу Айдархановна, Шет ауданы «Ш.Уәлиханов атындағы ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі.





umc-ro@umckrg.gov.kz







