Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2026 жылдың 06 қаңтары күні математика пәнінің мұғалімдері үшін «Математикалық практикум: іргелі теориядан есеп шығарудың тиімді технологияларына дейін» тақырыбында «Қысқы мектеп» жұмысы өз жалғасын табуда. Қысқы мектепке барлығы 100 педагог қатысты.
Қысқы мектеп аясында келесі тақырыптар бойынша шеберлік сыныптар өткізілді:
1. Математика пәні бойынша күрделі есептерді шешу жолдары;
2. Математикалық сауаттылықты арттыруға негізделген тапсырмаларды шешу;
3. Математика сабағында жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін қолдану.
Осы мәселелер бойынша келесі педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті:
Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері;
Умбетова Меруерт Мирзамидиновна, Саран қаласы «16 ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі;
Сулейменова Гүлзада Болатовна, Саран қаласы «Абай атындағы ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі;
Мұхамедназхаров Жарылғапберді Жанатұлы, Саран қаласы «Абай атындағы ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі.





umc-ro@umckrg.gov.kz










