Размер шрифта:
МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
06-01-2026 09:18
МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2026 жылдың 06 қаңтары  күні математика пәнінің мұғалімдері үшін «Математикалық практикум: іргелі теориядан есеп шығарудың тиімді технологияларына дейін» тақырыбында «Қысқы мектеп» жұмысы өз жалғасын табуда. Қысқы мектепке барлығы 100 педагог қатысты.

Қысқы  мектеп аясында келесі тақырыптар бойынша шеберлік сыныптар өткізілді:

1.        Математика пәні бойынша күрделі есептерді шешу жолдары;

2.        Математикалық сауаттылықты арттыруға негізделген тапсырмаларды шешу;

3. Математика сабағында жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін қолдану.

Осы мәселелер бойынша келесі педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті:

Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері;

Умбетова Меруерт Мирзамидиновна, Саран қаласы «16 ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі;

Сулейменова Гүлзада Болатовна, Саран қаласы «Абай атындағы ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі;

Мұхамедназхаров Жарылғапберді Жанатұлы, Саран қаласы «Абай атындағы ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі.