Қысқы мектеп аясында облыстық және қалалық білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Жобалау қызметі арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы оқыту семинары.
05-01-2026 09:39

      Қарағанды облысындабілім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК қысқы мектеп жоспары аясында 2026 жылдың5 қаңтарында облыстық семинар өткізді. Семинар Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының (бұдан әрі –Академия) Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырған Республикалық семинары негізінде өткізілді. Шараның мақсаты — климаттың өзгеруі мәселелері мен экологиялық тақырыптарды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына интеграциялау жолдарын талқылау, сондай-ақ педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мәселелерін қарастыру.

      Семинардың маңызды бөлігі педагогтердің экологиялық тәрбие саласындағы жинақтаған озық іс-тәжірибелерімен алмасуына бағытталды . Қатысушылар «Жасыл клуб» клубтарының жұмысын ұйымдастыру , мектеп парламенті жанындағы «Эко-фракциялардың» қызметі және «Шығармашылық сабақ – зертханасы!»моделін тәрбие кеңістігіне енгізу бойынша нақты практикалық кейстерді талқылап, өзара тәжірибе бөлісті.