Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» олимпиадасының облыстық кезеңі
06-01-2026 14:26
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр»  олимпиадасының облыстық кезеңі

      Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2026 жылдың 5-6 қаңтар күндері Қысқы мектеп жұмысы ұйымдастырылды. Бірінші күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап 12  шеберлік сабағы көрсетіліп, спорт залда «Математикалық квиз» жалғасын тапты.

      Қысқы мектептің екінші күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін ұйымдастырды.

Олимпиаданың облыстық кезеңіне  78 педагог қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын – 43, орыс тілінде – 35.

Тапсырмалар үш блоктан тұрды:

1. Дұрыс жауапты таңдау – 10 сұрақ;

2. Бос орындарды толтыру -10 сұрақ;

3. Шешу және дәлелдеу – 1 тапсырма.

Екі кезең – жабық типтегі тапсырмалар, үшінші кезең ашық сипаттағы. Орындау уақыты – 90 минут, максималды ұпай – 100 ұпай.

Бірінші орын олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысатын 9 мұғалімге берілді.Қарқаралы ауданы Толендина Гулмира, Теміртау қаласы Осташкова Ульяна, Абай ауданы Полищук Татьяна, Балқаш қаласы Акопова Татьяна, Қарағанды қаласы Шкарупина Ирина, Сарань қаласы Альтапова Анна, Бұқар жырау ауданы Кашкутина Кристина, Осакаров ауданы, Серченя Ольга.

Екінші дәрежелі дипломдар  19 мұғалімге берілді. Үшінші орынды 19 мұғалім иеленді. Қалған мұғалімдерге сертификат берілді.

Облыс аудан, қалалары бойынша 6 жүлделі орынмен Теміртау қаласы бірінші орынға шықты, 5 жүлделі орынмен Қарағанды қаласы екінші орынға шықса, үшінші орынды Саран қаласы иеленді.

Республикалық кезеңге жолдама алған әріптестерімізге сәтілік тілейміз!