Vernier датчиктерін пайдалану бойынша курс
2026 жылдың 5,6 қаңтары күндері. Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен және Vernier Kazdidac Білім беру технологиялары орталығымен физика, химия, биология, география және математика пәндерінің мұғалімдері үшін «Vernier датчиктері мен деректер тіркегішін пайдалана отырып, жаратылыстану ғылымдары сабақтарында деректерді тіркеу» тақырыбындаVernier датчиктерін пайдалану бойынша курс өткізілді.
Курс Шахтинск қаласының «№7 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында офлайн форматта ұйымдастырылды.
Курс бағдарламасында:
- Деректер жинау мен датчиктердің жалпы теориясы. Датчиктерді қолданудың педагогикалық артықшылықтары;
- Деректерді өздігінен жинау - LabQuest деректер тіркеушісін тереңдете зерделеу;
- Компьютерлендірілген деректер жинау - LoggerPro тереңдете зерделеу;
- Сымсыз датчиктермен жұмыс істеу;
- Деректерді смартфон, ноутбук немесе компьютер арқылы жинау Vernier Graphical Analysis™ Pro-ны тереңдете зерделеу;
- Деректер алмасу. Деректермен алмасу үшін желілер құру және пайдалану;
- Практикалық сабақтар, жеке жобалар әзірлеу.





umc-ro@umckrg.gov.kz






