«АУЫЛ МЕКТЕБІ-САПА АЛАҢЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ
22-01-2026 09:11
  «АУЫЛ  МЕКТЕБІ-САПА  АЛАҢЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ЖОБАСЫНЫҢ  ЖҮЗЕГЕ  АСЫРЫЛУЫ

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу–әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 202жылдың 22 қаңтар күні «Ауыл  мектебі – сапа алаңы» республикалықжобасының жүзеге асырылуы» тақырыбында облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинар мақсаты: «Ауылдық жердегішағын жинақты мектептердің әлеуетін,білім сапасын арттырумақсатында республикалық жобаны жүзеге асыру аясындаШетауданының тірек мектептерінің бекітілген шағын жинақты мектептермен бірлесе атқарған жұмыстары, нәтижелері».     

      Бекітілген бағдарламаға сәйкес «Ауыл мектебі– сапа алаңы» жобасы аясында оқу үдерісін жетілдіру және әдістемелік қолдауды ұйымдастыру», «Ауылдық білім беру кеңістігін жаңғырту: педагогтердің кәсіби өсуі және инновациялық оқыту әдістері», «Ресурстық орталық– шағын жинақты мектептердің білім сапасын арттыруға қолдау көрсету алаңы»тақырыптарында Шет ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі А.К.Мусуркепова, Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебінің (РО) директоры Бакаев Д.Б, және А.Ермеков атындағы тірек мектебінің (РО) директоры Айдарбекова Н.С. жоба аясында атқарылған жұмыстарын, онлайн форматта өткізілген математика, физика, химия, биология, ағылшын тілі пәндерінен шағын жинақты мектеп білім алушыларының білім сапасының нәтижелерін көрсетті. Сонымен бірге анықталған проблемаларды шешу жолдары  мен алда атқаратын жұмыс жоспарларымен таныстырды.

     Семинарға қатысушылар жобаны жүзеге асыру бойынша әріптестерінің жақсы жұмыстарын атап өтті,  сұрақтар қойылып, пікірлерайтылды.

Семинар жұмысына  100педагог  қатысты.