Размер шрифта:
ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ МЕН ОРЫНБАСАРЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК САҒАТ
23-01-2026 12:39
ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ МЕН ОРЫНБАСАРЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК САҒАТ

      2026 жылдың23 қаңтарында Қарағанды облысының Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ZOOM платформасында инновациялық мектептердің директорлары мен директор орынбасарларына арналған әдістемелік сағат өткізілді.Әдістемелік сағат барысында білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелер қарастырылды, оның ішінде:

  • инновациялық мектептердің білім сапасының талдауы;
  • педагогтердің авторлық материалдарын облыстық Сараптамалық кеңескеұсыну алгоритмі;
  • «Цифрлық әлемге қадамдар» жобасы аясында байқауды өткізу;
  • қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Үздік бейнесабақ» конкурсы;
  • математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата»республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің өткізілуі туралы;
  •  республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы;
  • орыс тілі мен әдебиет, шет тілдері пәнінің мұғалімдеріне арналған «Радуга идей» облыстық бейнесабақтар конкурсын өткізу нәтижелерін талдауы туралы.

      Әдістемелік сағатқа Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері, инновациялық мектептердің директорлары мен директор орынбасарлары қатысты. Аталған іс-шара білім беру ұйымдары басшыларын ағымдағы конкурстық және әдістемелік бастамалар туралы ақпараттандыруға, сондай-ақ мектептерде білім сапасын арттыру және инновациялық қызметті дамыту бағытындағы жұмысты үйлестіруге ықпал етті.