Размер шрифта:
«Күрделі биологиялық тақырыптарды меңгертудің заманауи тәсілдері» арналған шеберлік сынып
21-01-2026 12:42
 «Күрделі биологиялық тақырыптарды меңгертудің заманауи тәсілдері» арналған шеберлік сынып

      Қарағанды облысының білім беруді дамыту орталығы 2026 жылдың 21 қаңтарында «Күрделі биологиялық тақырыптарды меңгертудің заманауи тәсілдері» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өткізді.  Шеберлік сабақ барысында Қарағанды облысының педагогтары өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

1.Садыканова Бикеш Жекенқызы, биология пәнінің мұғалімі, Балқаш қаласы «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ «Белгілердің тұқым қуалауының нақтылығын талдаудың статистикалық әдістері (х квадрат - критерий, t-критерий)» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.

2. Сакишева Эльвира Жамаловна, биология пәнінің мұғалімі, Қарағанды қаласы «№16 ЖББМ» КММ «Белгілердің тұқымқуалауының цитологиялық негіздері. Дигибридті будандастыруда хромосомалардың тәуелсіз таралуы. Жыныспен тіркескен тұқымқуалаушылық»

3.Жексенбаева Акгул Орынбекызы, биология пәнінің мұғалімі Қарағанды қаласы, «Жақып Ақбаев атындағы ЖББМ» КММ «Хуго де Фризадің мутация теориясы. Кенеттен және индуцияланған мутация. № 1 Модельдеу «Адам хромосомасы жиынтығынан кариограмм құру. Геномдық мутацияны оқып білу»

4.Бейсенбекова Разалия Шамильқызы, биология пәнінің мұғалімі, Қарқаралы ауданы, «№27 негізгі орта мектебі» КММ «Мендельдің тұқымқуалу заңдылығы»

Қатысушылар саны: 89.