Директорлар мен директорлардың орынбасарлары үшін әдістемелік сағат
27-01-2026 16:06
Директорлар мен директорлардың орынбасарлары үшін  әдістемелік сағат

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 27 қаңтарда мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының директорлары мен директорлардың орынбасарлары үшін офлайн режимде әдістемелік сағат өткізді.

      Әдістемелік сағат кезінде «№1 білім инновация лицей  интернаты» КММ педагогтары жұмыс тәжірибесімен бөлісті:

-«Bil.org.kz платформасы, стандартталған емтихандар (БТС, КЕТ, РЕТ, т.б.)» Мұқатай Темірлан Жеңісұлы, директордың тілдер жөніндегі орынбасары;

-«Оқушыларға кәсіптік бағдар беру аясында Әлемдік ТОП университеттерге түсуге дайындық» Қамбар Ризабек Серікұлы, математика пәні мұғалімі;

«Үлгерімі орташа оқушыларды ынталандырудың, олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары жолдары» Калданов Серикжан Абдильдаевич, математика пәні мұғалімі;

  • «Оқушының жеке даму жоспарын (IDP) құндылықтар негізінде жүзеге асырудың маңызы» Хахарманов Ислам, физика пәні мұғалімі, Шенюрек Мурат, түрік тілі мұғалімі;
  • «ЮНЕСКО клубының 10 жылдық жұмыс нәтижелері» Абдрахман Динара Гайнитденовна, қосымша білім беру педагогі.

Әдістемелік сағатта мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының директорлары мен директорлардың орынбасарлары қатысты.