2026 жылдың 23қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында Приозерскқаласында облыстық семинар өтті. Семинарда педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті тақырыптарды талқылады.
Семинардың негізгі бағдарламасы аяқталғаннан кейін Приозерск қаласында Қарағанды облысындабілім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері әдістемелік көмек көрсетті.
Әдістемелік көмек тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарларының, әлеуметтік педагогтардың және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға жауапты мамандардың жұмысын жетілдіруге бағытталды.
Тәрбие бағдарламасын іске асырудың практикалық қырларына және оқушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету шараларына ерекше назар аударылды.





umc-ro@umckrg.gov.kz



