2016 жылдың 6 мамырында Қарағанды облысы «Осакаровка кентінің №9 гимназиясы базасындағы «Бірыңғай ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру арқылы сапалы білім беруді қамтамасыз ету» тақырыбында облыстық семинар өтеді.
06-05-2016 04:57
2016 жылдың 6 мамырында Қарағанды облысы «Осакаровка кентінің №9 гимназиясы базасындағы «Бірыңғай ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру арқылы сапалы білім беруді  қамтамасыз ету» тақырыбында облыстық семинар өтеді.

      2016 жылдың 6 мамырында Қарағанды облысы «Осакаровка кентінің №9 гимназиясы базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ  базасында инновациялық мектептердің Ашық есік күні шеңберінде «Бірыңғай ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру арқылы сапалы білім беруді  қамтамасыз ету» тақырыбында облыстық семинар өтеді. 

      Семинардың мақсаты:педагогикалық тәжірибемен бөлісу, семинарға қатысушыларды Ресурстық орталықтағы қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік формалар мен тәсілдерінің жиынтығымен жарақтандыру.

     Семинар жұмысына  Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалалары, Осакаров, Абай, Жанаарқа, Шет, Ақтоғай, Қарқарал, Нұра, Ұлытау аудандарының инновациялық мектептер, тірек және жетекші мектептердің басшылары қатысты.

      Семинар барысында келесі сұрақтар қарастырылды: ресурстық орталық жағдайында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру, шәкірт пен ұстаз бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру, заманауи мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру, дәстүрлі мәдениетті сақтау және дамытудың факторы ретінде ауылдың, мәдени-әлеуметтік саласында педагогикалық қызметтің өзара әрекеттестігі.