Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 6 ақпанында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Цифрлық мұғалім» жобасын іске асыру бойынша Қазақстан тарихы мұғалімдеріне онлайн режимде нетворкинг өткізді.
Абай ауданының педагогтары білім алушылар үшін қосымша сабақтарды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктерін ұсынды.
Нетворкинг барысында Қазақстан тарихы, 9-сынып негізінде қиындық туғызатын, күрделі тақырыптар бойынша тапсырмаларды талдауға бағытталған тиімді жұмыс түрлерін Қарағанды қаласының жетекші мұғалімдері көрсетті: Зияда Жансая Еркінқызы, «Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясы» КММ, Шұғайп Амангуль, «М.Мақатаев атындағы ЖББМ» КММ.
Қамту: 100 адамды құрады.





umc-ro@umckrg.gov.kz

