2025 жылғы 4-11 ақпан аралығында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды жоғары «Bolashaq» колледжінің базасында Қарағанды облысы ТжКОБ ұйымдарының тілдік емес мамандықтарында білім алушы студенттер арасында VІII облыстық «The World of Languages» байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты — студенттердің тілдік және шығармашылық әлеуетін қолдау мен дамыту, бұл олардың көпмәдениетті орта жағдайында әлеуметтік табысты бейімделуіне және кәсіби тұрғыда өзін-өзі көрсетуіне ықпал етеді.
Байқауға Қарағанды облысының 27 колледжінен студенттер қатысты.
Байқау тілдік емес мамандықтардың студенттерінен жоғары зейін қою мен шығармашылық тәсілді талап ететін бірнеше кезеңнен тұрды.
Іріктеу кезеңі: өтінімдерді қабылдау және әр колледжден үздік өкілдерді алдын ала іріктеу.
Негізгі кезең: Қарағанды жоғары «Bolashaq» колледжінің базасында финалистер шетел тілінде сөйлеу, мәтіндерді түсіну және өз идеяларын таныстыру дағдыларын көрсетті. Байқау комиссиясы сөйлеудің сауаттылығын, еркіндігін және баяндамалардың (немесе сөз сөйлеудің) өзіндік ерекшелігін бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындардың иегерлері анықталды:
І орын — Мағжан Алдияр («Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖМ);
II орын — Кабдрашев Арман («Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі» КМҚК);
III орын — Талгат Гулзат («Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК).
Студенттер тілдік емес мамандықтарда оқи отырып та, тілді жоғары кәсіби деңгейде меңгеруге болатынын дәлелдеді! Жеңімпаздарға дипломдар, ал олимпиаданың екінші кезеңіне өткен барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.





umc-ro@umckrg.gov.kz

