Тәлімгерлергеарналған әдістемелік сағат
09-02-2026 15:33
Тәлімгерлергеарналған әдістемелік сағат

      Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 09 қаңтарда тәлімгерлер, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары және білім беру әдіскерлеріне арналған әдістемелік сағат өтті.

     Әдістемелік сағатта «Үздік тәлімгер-2026» облыстық байқауының кезеңдері, Тәлімгерлер қауымдастығының мәселелері және ағымдағы жылға жоспарланған тәлімгерлерге арналған оқыту семинарлары талқыланды.

Іс-шараға 67астам адам қатысты.