Математикалық сауаттылықты арттырудың тиімді жолдары
11-02-2026 16:26
Математикалық сауаттылықты арттырудың тиімді жолдары

2026 жылдың 11 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Математикалық сауаттылықты арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында практикалық семинар өткізілді. Барлығы 100 педагог қатысты.

Семинар барысында күрделі деңгейдегі математикалық сауаттылық тапсырмаларының шешу жолдары талқыланды.

Келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:

Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері.

Бақтияр Данияр Жанболатұлы, Қарағанды облысы «Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ» КММ математика пәнінің мұғалімі

Кадирова Гүлжазира Жуматаевна, Қарағанды облысы «Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ» КММ математика пәнінің мұғалімі