«Мен бақытты баламын» облыстық жоба аясында «Еркетай» бөбекжайы базасында «Эмоция әлемі үйрендік, қолдандық, дамыттық» тақырыбында қорытынды семинары мазмұнды әрі жоғары деңгейде өтті.
Аталған жоба екі жыл бойы Қарағанды қаласының «Еркетай» , «Думан», «Таңшолпан», «Аяла» бөбекжайлары, Шахтинск қаласының «Снегурочка», «Гүлдер» бөбекжайлары, Саран қаласы «Колокольчик», «Балғын» бөбекжайлары, Абай ауданы «Балдәурен», «Акерке», «Ақбота» бөбекжайлары, Ақтоғай ауданы «Аққыз» бөбекжайы», Шет ауданы «Нұршуақ» бөбекжайы арасында жүйелі тәжірибе алмасу алаңы ретінде жүзеге асырылды. Осы уақыт ішінде педагогтер балалардың эмоционалдық дамуын қолдаудың тиімді әдіс-тәсілдерін тәжірибеде қолданып, өзара кәсіби ынтымақтастықты нығайтты.
Жобаның жұмысы нақты бағыт-бағдармен жүзеге асырылды. Бүгінгі қорытынды семинарда екі жылдық жұмыс нәтижесі сараланып, үздік тәжірибелер ұсынылды.





umc-ro@umckrg.gov.kz







