«Жүректен жүрекке: мұғалім миссиясы» облыстық бейнероликтер
27-02-2026 16:23
«Жүректен жүрекке: мұғалім миссиясы» облыстық бейнероликтер
    2026 жылғы 27 ақпанда онлайн форматта «Мұғалім болу – мақтаныш!»
облыстық бейіндік жобасын жүзеге асыру аясында өткізілген «Жүректен
жүрекке: мұғалім миссиясы» облыстық педагогикалық бейнероликтер
байқауының қорытындысын жариялау салтанаты өтті.
Байқауды Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік
орталығы мен Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу
университеті бірлесіп ұйымдастырды.
Бастауыш сынып мұғалімі мамандығының беделін арттыру және колледж
түлектерінің педагогикалық қызметті саналы түрде таңдауын ынталандыруды
мақсат еткен шығармашылық сайысқа облыстағы педагогикалық колледждердің
3-4 курс студенттері қатысты.
Қорытынды кездесу барысында Қарағанды облысында білім беруді
дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері мен Академик Е.А.
Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің профессор-
оқытушылар құрамынан жасақталған құзыретті қазылар алқасының
сараптамалық іріктеуінен өткен үздік жұмыстар көрсетілді.
Байқау қорытындысында әр бағыт бойынша жеңімпаздар анықталды:
Қазақ тілінде оқыту бағыты бойынша:
1 орын – Балгожина Н.Н., Акмаганбетова А.Б., Дюсекова А.Х., Аралбай
Н.Ә., «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖМ (150 балл);
2 орын – Нұржан А.Н., «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі»
КМҚК (149 балл); Түсенов Н.М., «Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-
техникалық колледжі» КМҚК (142 балл);
3 орын – Муктарбекова А.М., Тилейхан Н., Токенова Д.М., Мағауия А.С.,
Сапаш Д.Т., Төлеу А.К., «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖМ (130
балл); Аманбаева А.Б., «Теміртау көпсалалы «Мирас» колледжі» ЖМ (119
балл); Амангельд М., Тұрған Ж., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары
гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК (116 балл).
Орыс тілінде оқыту бағыты бойынша:
1 орын – Райханова А.К., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары
гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК (148 балл);
2 орын – Котина М.М., Работягова А.В., «Қарағанды жоғары
гуманитарлық колледжі» КМҚК (127 балл);
3 орын – Рогожкина А.А., «Теміртау көпсалалы «Мирас» колледжі» ЖМ
(111 балл).
Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды, қатысушыларға электронды
сертификаттар табысталады.