«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қамқор» жобасы және «Цифрлық әлемдегі қауіпсіз қадам» тақырыбында облыстық семинар өтті.
27-02-2026 17:55
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қамқор» жобасы және «Цифрлық әлемдегі қауіпсіз қадам» тақырыбында  	облыстық семинар өтті.

     2026 жылдың 25 ақпанында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында №4 арнайы мектеп-интернатында   «Қамқор» жобасын және «Цифрлық әлемдегі қауіпсіз қадам» қауіпсіздік сабақтары тақырыбында облыстық семинар өтті. Бағдарлама аясында инновациялық жұмыс формалары көрсетілді.

     Семинар барысында НЗМ және Бөкетов университетімен бірлескен «кері инклюзия» моделі таныстырылып, экология мен цифрлық гигиенаға негізделген 9 ашық сабақ өткізілді. Шарада арт-технологиялар мен музыкалық терапия әдістері көрсетіліп, оқушылар киберқауіпсіздік жобаларын сәтті қорғап шықты. Сондай-ақ «Қамқор» көрмесі арқылы «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының құндылықтары дәріптелді.