«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасы аясында облыстық семинар
2026 жылдың 26 ақпанында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруыменОсакаров ауданында«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасы аясында облыстық семинар өтті.
Семинарға аудандағы 31 мектептен өкілдер қатысты.
Семинардың мақсаты- «Балалар кітапханасы» жобасы арқылы бірыңғай «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ білім беру ұйымдарында тәрбиелік құрамды күшейту.
Семинарда мектептердегі кітапхана қорын сақтау, «Балалар кітапханасы» жобаларын жүзеге асыру, «Даналық мектепте» клубтарының қызметі бойынша тәжірибелік әзірлемелер ұсынылды.





umc-ro@umckrg.gov.kz





