Қосымша білім беру педагогтеріне арналған әдістемелік сағат
2026 жылдың 4 наурызында Қарағанды облысында білім беруді
дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қосымша білім
беру педагогтеріне арналған әдістемелік сағат өтті.
Әдістемелік сағаттың мақсаты:
Педагогтердің тест спецификациясы мен күрделі тақырыптарды меңгеру
деңгейін арттыру, заманауи цифрлық платформалардың мүмкіндіктерін
таныстыру және оларға әдістемелік қолдау көрсету.
edata.kz платформасының функционалдық мүмкіндіктерін меңгерту;
Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін арттыру.
Өткізілген шара барысында педагогтердің кәсіби іс-тәжірибесін
жүйелеу мен талдау мәдениеті қалыптасып, тест нәтижелерін талдау
дағдылары жетілдірілді. Қатысушылар біліктілік санаттарына қойылатын
талаптар мен шекті деңгейлер бойынша нақты әдістемелік бағдар алды.
Талқылау кезінде туындаған күрделі сұрақтар алдағы әдістемелік
сағаттардың жоспарына енгізілді.





umc-ro@umckrg.gov.kz


