«ЦИФРЛЫ МҰҒАЛІМ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НЕГІЗІНДЕ НЕТВОРКИНГ
06-03-2026 16:13
«ЦИФРЛЫ МҰҒАЛІМ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НЕГІЗІНДЕ НЕТВОРКИНГ

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 6 наурызда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Цифрлық мұғалім» жобасын іске асыру бойынша Қазақстан тарихы мұғалімдеріне онлайн режимде нетворкинг өткізді.

     Балқаш қаласының педагогтары білім алушылар үшін қосымша сабақтарды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктерін ұсынды.

      Нетворкинг барысында Қазақстан тарихы, 9-сынып негізінде қиындық туғызатын, күрделі тақырыптар бойынша тапсырмаларды талдауға бағытталған тиімді жұмыс түрлерін Балқашқаласының жетекші мұғалімдері көрсетті: Булендинова Айсара Мейргалимовна, Ізтілеу Жұпар Берікболқызы, «Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, Қожахметов Адилет Болатович «Саяқ кентінің №6 жалпы білім беретін мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімдері.

Қамту: 87 адамды құрады.