«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Ұшқыр ой алаңы» жобасы, «Буллингтен қорған» алдын алу шарасы бойынша облыстық тәжірибе алмасу семинары
11-03-2026 10:51
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Ұшқыр ой алаңы» жобасы, «Буллингтен қорған» алдын алу шарасы бойынша облыстық тәжірибе алмасу семинары

      2026 жылдың 4 наурызында №1 «Білім-инновация» лицей-интернатында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Ұшқыр ой алаңы», «Буллингтен қорған» жобаларын іске асыру аясында «Тәрбие мен оқудың тұтастығы: Адал азамат бейнесін қалыптастыру жолдары» тақырыбында облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті.

      Практикалық бөлім барысында қатысушыларға оқу-тәрбие үдерісіндегі инновациялық тәсілдер, сынып жетекшілерінің жұмысында жасанды интеллектіні қолдану бойынша шебер-сабақтар және әдебиетті (Абайдың қара сөздері) математикалық сауаттылықпен ұштастырған кіріктірілген сабақтар ұсынылды.

      Сонымен қатар, киберқауіпсіздік және кибербуллинг жағдайындағы әрекеттер алгоритмі бойынша ашық сабақтар өткізілді. «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында буллингпен күресте жазалаудан гөрі тәрбиелік шаралардың басымдығы туралы пікірталас ұйымдастырылды. Құндылықтарға негізделген білім алушының жеке даму жоспарын (IDP) жүзеге асыруға және «DAMU» қосымша білім беру орталығының жұмысына  ерекше назар аударылды.

      Семинар соңында қатысушылар кері байланыс орнатып, тәрбие үдерісін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарымен бөлісті.