«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қамқор» жобасы, «Өмірге салауатты қадам» алдын алу шарасы бойынша облыстық тәжірибе алмасу семинар өтті.
10-03-2026 10:57
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында  «Қамқор» жобасы, «Өмірге салауатты қадам» алдын алу  шарасы бойынша облыстық тәжірибе алмасу семинар өтті.

      2026 жылғы 27 ақпанда Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  «№ 2 «Білім-Инновация» лицей-интернатында  «Қамқор»   жобасын іске асырудың тиімді тәжірибелері және  «Өмірге салауатты қадам»  тақырыбында облыстық семинар өтті.

      Семинарға тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер мен кітапханашылар қатысты. Қамқор жобасы бойынша еріктілер тобының жұмыстары, мектеп көшбасшыларының жобалары таныстырылды. Әсіресе «Ұлағат»  әкелер кеңесі мен «Мейірім» аналар академиясының жұмыстарымен таныса келе, «Ата-ананы мектепке қалай тарту керек?»   деген сауалға семинарға қатысушылар жауап тапты. Облыс көлемінде    «Кітап оқитын – ұлт»  жобасын тәрбие жұмысымен байланыстырып, жыл ішінде өткізілген іс-шараларға талдау жасау арқылы түсіндірілді. Семинар мазмұнды, креативті ұйымдастырылуымен ерекшеленді.