«GEOINFO НАВИГАТОР» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ
11-03-2026 16:40
«GEOINFO НАВИГАТОР» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ

      2026 жылғы 11наурызында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық «GeoInfo навигатор» жобасы аясында ZOOM платформасында онлайн форматта «Интерактивті мүмкіндіктерді проекциялау» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында Нұраауданының география пәнінің мұғалімдері өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

      Есен А.С., «Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ– «География сабақтарында жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында жұмыс тәжірибесін ұсынды.

      Рысалиева Д.Е., «Балықтыкөл негізгі орта мектебі» КММ – Classcraf, Classtime бағдарламаларын, Padlet интерактивті тақтасын және интерактивті карталарды пайдалану арқылы жүргізілген жұмыс тәжірибесін қорытындылады.

      Манапова С.С., «Пушкин негізгі орта мектебі» – электрондық платформаларда номенклатураны қолдана отырып, тапсырмалар дайындау жолдары бойынша жұмыс тәжірибесін таратты.

Семинарға барлығы 72 педагог қатысты.