«Экологиялық білім беру бойынша үздік жоба – 2026» облыстық байқауының қорытындысы
11-03-2026 17:16
«Экологиялық білім беру бойынша үздік жоба – 2026» облыстық байқауының қорытындысы

      2026 жылдың 10 наурызында Қарағанды облысы білім басқармасы менҚарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы педагогтердің шығармашылық әлеуетін қолдау, білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және экологиялық білім беру саласындағы озық тәжірибелерді анықтау мақсатында «Экологиялық білім беру бойынша үздік жоба – 2026» облыстық конкурсын өткізді.

     Аталған конкурсқа облыстың білім беру ұйымдарының педагогтерінен  79 өтінім келіп түсті.

     Конкурс барысында қатысушылар экологиялық білім беру, табиғатты қорғау, жасыл бастамаларды дамыту және білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған авторлық жобаларын ұсынды. Ұсынылған жобалар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, экологиялық ойлау мен тұрақты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

      Конкурс қорытындысы бойынша ақтық кезеңге келесі педагогтер жолдама алды:

• Камалова Назгуль Нурланбековна – «Ә.Ермеков атындағы мектеп-             лицейі» КММ;

  • Сайфуллин Халил Хамзаевич – «Қ.Нұржанов атындағы гимназия» КММ;
  • Сатыбалдин Ерасыл – «Н.Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;
  • Легай Анжелика Вячеславна – «Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ;
  • Курмашова Меруерт Амантаевна – «Н.Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;
  • Бухлов Анатолий Анатолиевич – «№10 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
  • Касенханова Жанель Рамазановна – «Жас натуралистер станциясы» КММ;
  • Блок Вячеслав Викторович – «Достық үйі» Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК;
  • Шишкина Екатерина Анатольевна – «№31 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
  • Туякбаева Айтбала Жумановна – «Жаңатоған ауылының №14 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
  • Екишева Шолпан Ермолаевна – «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК.

Конкурстың ақтық кезеңінде қатысушылар өз жобаларын қорғап, экологиялық білім беруді дамыту бағытындағы тың идеялары мен тәжірибелерімен бөліседі.