«Қауіпсіз қоғам – ортақ жауапкершілік» тақырыбында облыстық оқыту семинары
13-03-2026 16:45
«Қауіпсіз қоғам – ортақ жауапкершілік» тақырыбында облыстық оқыту семинары

     2026 жылдың 13 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп «Қауіпсіз қоғам – ортақ жауапкершілік» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

     Семинардың мақсаты – білім беру ұйымдарында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және олар орын алған жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларын жетілдіру арқылы қоғамдағы қауіпсіздік мәселесіне әр азаматтың ортақ жауапкершілігін арттыру.

     Іс-шара барысында білім беру ұйымдарында қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету алгоритмдері мен профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар қатысушылар арасында тәжірибе алмасу ұйымдастырылып, қауіпсіздік бағытындағы тиімді тәжірибелер ұсынылады.

     Семинарға облыстық, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлері, білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және сынып жетекшілері қатысады.