«Әдістемелік INTENSIVE»: инновациялық векторлар
13-03-2026 09:57
«Әдістемелік INTENSIVE»: инновациялық векторлар

      2026 жылғы 13наурызда Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Инновациялық векторлар: инклюзия, STEM-технология және дарындылықты дамыту тәжірибелерінің синтезі» тақырыбында «Әдістемелік INTENSIVE» өткізді.

      Тәжірибе алмасу алаңдары Шахтинск қаласының «Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі», «Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы»,«Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ болды.

      «Әдістемелік INTENSIVE»-тің басты мақсаты:тәжірибе алмасу, мектептердің оқу процесінде дербестендірілген оқыту, STEM-технология мүмкіндіктерін пайдалану және білім алушыларды инклюзивті қолдау бағыттарындағы даму перспективаларын талқылау.

     «Әдістемелік интенсив»аясында білім алушылардың жұмыстары, робототехника бойынша жобалар, жылыжай модельдері және мұғалімдердің әдістемелік әзірлемелері ұсынылған көрме ұйымдастырылды.

Бағдарламаның негізгі блоктары:

  1. Панельдік сессия.УӘО басшысы Б.Х. Абдикерова қатысушыларға сәттілік тіледі. Мектеп директорлары М.Ж. Аққұлова, М.К. Осанова, В.В. Ченцова-Марчук STEM-технологияларды енгізу, таланттарды анықтау және дарынды балаларды қолдау тәжірибесін ұсынды, ал Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы «PASCH-Schule» халықаралық тілдік жобасын таныстырды.
  2. Тиімді мектеп тәжірибелері.Педагогтар шеберлік сыныптары мен ықшам сабақтар (микропреподавание) арқылы оқушыларды қолдау әдістерін көрсетті.
  3. STEM-технологиялар: Практикумдар мен воркшоптар арқылы STEM-нің оқушы қабілетін дамытудағы әлеуеті ашылды.
  4. Инклюзивті фокус. Мультидисциплинарлық топ әр балаға тиімді қолдау көрсету тәжірибесін ұсынды.

      Қатысушылар өткізілген іс-шараның өзектілігін және оның практикалық бағыттылығын атап өтті. Интенсив тығыз ынтымақтастықты растады, ал тікелей тәжірибе алмасу одан арғы ынтымақтастықты нығайтудың негізіне айналды.