2016 жылдың 13 мамырында Қарағанды облысының арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының дефектолог мұғалімдеріне арналған «Сенсорлық интеграция: бала проблемасын түсіну жолы» атты тақырыпта облыстық тәжірибелік семинар өтті.
13-05-2016 04:24

       Қарағанды обылысы білім басқармасының «Дамуында кемістіктері бар балаларға арналған «Үміт» облыстық оңалту орталығы» коммуналдық мемелекеттік мекемесінде 2016 жылдың 13 мамырында Қарағанды облысының арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының дефектолог мұғалімдеріне арналған «Сенсорлық интеграция: бала проблемасын түсіну жолы» атты тақырыпта облыстық тәжірибелік семинар өтті. 

      Оңалту орталығының педагогтері семинарға қатысушыларды сенсорлық интеграция әдісінің теориялық және әдістемелік негіздерімен таныстырып, бұл әдістің мектеп-интернаттардың оқу-тәрбиелік үрдісінде қолданылу мүмкіншіліктерін көрсетті.

     Семинар барысында жеке түзету сабағы, жеке логопедтік сабақ, қоршаған ортамен таныстыру және тіл дамыту бойынша бинарлық сабақ, шағын топтық біріктірілген  сабақ, балалармен олардың ата-аналары қатысқан сабақ өткізілді.