Озық іс-тәжірибені тарату: кәсіби білім берудің болашағына қадам
16-03-2026 17:30
Озық іс-тәжірибені тарату: кәсіби білім берудің болашағына қадам

      2026 жылдың 12 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы онлайн форматта ZOOMплатформасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (ТжКОБ) жүйесіндегі инновациялық білім беру практикаларын жинақтау мен таратуға бағытталған шеберлік-сыныптар сериясын өткізді.

     Іс-шаралардың модераторы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ТжКОБ бөлімінің басшысы Кнашина Айнұр Ахатқызы болды.

Іс-тәжірибені таратудың негізгі бағыттары:

  • Жас мамандарды әдістемелік сүйемелдеу:Экономика, бизнес және құқық колледжі директорының оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары Г.С. Оспанова мен әдіскеріА.А. Бименова тиімді бейімделу практикаларын енгізу арқылы еңбек жолын енді бастағанпедагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру алгоритмдерін ұсынды;
  • Мектепке дейінгі тәрбиедегі инновациялар:Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы О.Я. Закирова мектеппен сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында мектепке дейінгі жастағы балаларды сауат ашуға үйретуде ойын технологияларын қолдану әдістемесін көрсетті;
  • Әлеуметтік саладағы практикаға бағытталған оқыту:Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжінің оқытушылары С.Б. Сәбитова, А.К. Омарова және А.Д. Конакбаева өмірлік қиын жағдайдағы тұлғаларменәлеуметтік жұмыс бойынша мамандандырылған оқу құралы негізінде кейс-технологияларды қолдану мүмкіндіктерін таныстырды.

     Іс-тәжірибе тарату жұмыстарына Қарағанды, Теміртау, Саран, Балқаш және Шахтинск қалалары колледждерінің педагогтеріқатысты.

     Ұсынылған материалдар әріптестер тарапынан жоғары бағаланып, болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін білім беру процесіне интеграциялауға ұсынылды.