Қарағанды облысының білім басқармасы мен Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің базасында 9-сынып оқушылары арасында «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзыреттілігі бойынша «JasSkills–2026» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты жоғары деңгейде өтті.
Чемпионаттың шымылдығын алғы сөзіменҚарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің директорыУатаева Гүлмира Султанмуратовнаашып, қатысушыларға жылы лебізін білдірсе, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің басшысыКнашина Айнур Ахатовна өз сөзінде «Мұғалім болу – мақтаныш!» педагогикалық сынып облыстық бейіндік жобасының маңыздылығын және заманауи мұғалімнің қоғамдағы ерекше рөлін атап өтті.
Чемпионат барысында педагогикалық сынып жобасы бойынша колледжге бекітілген мектептерден қатысқан 12 білім алушы 3 күрделі модуль бойынша бақ сынасты:
1️. PedTalk «Сабақты өзгертетін идея»– TEDx форматындағы презентация;
2. EduBattle «Педагогикалық тапқырлық» – IT Gimkit платформасындағы блиц-турнир.
3. Classroom of Tomorrow – болашақтың цифрлық оқу кеңістігін (ЖИ, виртуалды оқыту) модельдеу және қорғау.
Тәуелсіз қазылар алқасының бағалауы бойынша жеңімпаздар анықталды:
- І орын:Сағи Еркеайым Ғабиденқызы (С.Сейфуллин атындағы гимназия).
- ІІ орын:Қабыкен Арсылан Кенжебайұлы (Көкпекті жалпы білім беретін мектебі) және Сұлтан Аружан Рүстемқызы (Ә. Ермеков атындағы мектеп-лицей).
- ІІІ орын:Жолдыбай Аққу Ерболқызы (№91 жалпы білім беретін мектебі), Нұрлан Аружан (С. Сейфуллин атындағы гимназия) және Малиева Жұлдызай Нұрболқызы (Абай атындағы мектеп-гимназиясы).
Барлық қатысушалырға сертификаттар беріліп, жеңімпаздарға дипломдар табысталды.





umc-ro@umckrg.gov.kz








