Размер шрифта:
Қарағанды облысында педагогтердің авторлық материалдарын әзірлеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
16-03-2026 17:44
Қарағанды облысында педагогтердің авторлық материалдарын әзірлеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

     2026 жылғы 10-17 наурыз аралығында Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Педагогтардың авторлық материалдарының түсінігі, түрлері мен құрылымы. Әзірлеу, апробациялау және бекіту тәртібі» тақырыбында вебинарлар сериясын өткізуде.

      Аталған іс-шаралардың мақсаты — мектепке дейінгі, орта, қосымша, арнайы білім беру ұйымдарының, сондай-ақ мамандандырылған мектеп-интернаттар мен колледждердің педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету.

Кездесулер барысында келесі негізгі аспектілер түсіндіріледі:

  • 2026 жылғы жаңа Ережесінің талаптары;
  • Авторлық материалдардың түрлері;
  • Жұмыстарды әзірлеу, апробациялау алгоритмі және ресми бекіту рәсімі.

     Түсіндіру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес онлайн-форматта (ZOOM) мобильді топтармен жүргізілуді. Кесте облыстың барлық аудандары мен қалаларын қамтиды, сондай-ақ педагогтердің санаттары («модераторлар», «сарапшылар», «зерттеушілер», «шеберлер») бойынша бөлінген.