2026 жылғы 10-17 наурыз аралығында Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Педагогтардың авторлық материалдарының түсінігі, түрлері мен құрылымы. Әзірлеу, апробациялау және бекіту тәртібі» тақырыбында вебинарлар сериясын өткізуде.
Аталған іс-шаралардың мақсаты — мектепке дейінгі, орта, қосымша, арнайы білім беру ұйымдарының, сондай-ақ мамандандырылған мектеп-интернаттар мен колледждердің педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету.
Кездесулер барысында келесі негізгі аспектілер түсіндіріледі:
- 2026 жылғы жаңа Ережесінің талаптары;
- Авторлық материалдардың түрлері;
- Жұмыстарды әзірлеу, апробациялау алгоритмі және ресми бекіту рәсімі.
Түсіндіру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес онлайн-форматта (ZOOM) мобильді топтармен жүргізілуді. Кесте облыстың барлық аудандары мен қалаларын қамтиды, сондай-ақ педагогтердің санаттары («модераторлар», «сарапшылар», «зерттеушілер», «шеберлер») бойынша бөлінген.





umc-ro@umckrg.gov.kz

