«Табыс симфониясы» педагогикалық шеберлік байқауының төртінші кезеңінің қорытындысы
18-03-2026 16:42
«Табыс симфониясы» педагогикалық шеберлік байқауының төртінші кезеңінің қорытындысы

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы орыс тілі мен әдебиетінің жас педагогтерінің «Табыс симфониясы» байқауының төртінші кезеңінің қорытындысын шығарды. Төртінші кезеңде стандартты емес жағдайлар байқауына орыс тілі және әдебиетінің, шет тілдерінің 16 жас педагогі қатысты. Жас педагогтар проблемалық педагогикалық жағдайға деген көзқарастарымен бөлісіп, шешім ұсынды. Қазылар алқасы қатысушылардың сөйлеген сөздерінің сауаттылығын, қалыптасқан педагогикалық жағдайдан шығу жолын таба білуін, педагогикалық міндеттерді шешуде дәлелді жауаптың болуын, сұрақтарға жауаптың толықтығы мен тереңдігін бағалады. «Табыс симфониясы» байқауының төртінші кезеңінің келесі қатысушылары үздік атанды:

1. Лосы Тахмина Хусеевна, «№ 4 ЖББМ» КММ ағылшын тілі мұғалімі, Шахтинск қаласы;

2.Черникова Мария Викторовна, «Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназия» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Шахтинск қаласы;

3.Ырысбек Карлыгаш, «Токарев тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ ағылшын тілі мұғалімі, Бұқар жырау ауданы;

4. Сапаргаликызы Сымбат, «№ 13 НОМ» КММ орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Саран қаласы.

Байқаудың келесі кезеңіне өткен қатысушыларды құттықтаймыз!